
Мәдениет
Үстіртті ЮНЕСКО тізіміне ұсыну жөніндегі техникалық миссия Маңғыстауда жұмыс істеді
Маңғыстау облысының әкімі ЮНЕСКО халықаралық сарапшыларының техникалық миссиясымен Үстірттің аралас мұра нысанына дайындықты талқылады. Ресми дерекке сай, миссия аумақта далалық зерттеулер жүргізіп, табиғи және мәдени құрамдастарды қорғау мәселелерін қарастырған.



